Мичиган штаты Ист-Лэнсинг қаласында мұсылман қоғамындағы психикалық денсаулық мәселелеріне арналған жыл сайынғы конференция өтеді.
Конференцияда жергілікті мұсылман бірлестігінің өкілі имам Сухаил Чаудхри де баяндама жасамақ. Имам Сухаилдың айтуынша, ғылым мен дін бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар, ал психологиялық бағытта және психикалық мәселелерді шешуде ислами рухани әдістерді қолдану өте тиімді.
Ал конференция барысында психотерапия саласында мұсылман этика және әдеп нормаларын қолдану, сондай-ақ, діни аспектілер мен медициналық тәжірибелерді үйлестіру мәселелері талқыланады.
ummet.kz-ақпарат