Халықаралық ғалымдар тобы діни ұстаным мен өлімнен қорқыныш сезімінің арасындағы байланысқа арнайы ауқымды зерттеу жүргізді.
Мельбрун мен Оксфорд университетінің психологтары мен әлеуметтанушы мамандары 1961 жылдан 2014 жыл аралығындағы жүздеген ғылыми мақалаларды сараптап шықты. Аталмыш материалдарда 26 мыңнан аса адамның өлімнен қорқыныш деңгейлері сарапталған.
Алынған деректерді қорыта келе ғалымдар діни сенімі жоғары адамның өзгелерге қарағанда өлімнен қорықпайды деген тұжырым жасады.
Сонымен қатар, дінді сырттай жалпылама ғана ұстанатын, сенімі орнықпаған жанның шынайы дінге бекем адамдарға қарағанда өлімнен қатты қорқатыны да белгілі болған.
ummet.kz-ақпарат