Мәскеу тұрғыны Анашка Хаджимурадова дүниеден өткен атасының артынан қалған заттарды жинап жүріп ескі Құран кітабын тауып алды.
XVI ғасырға тән көне қолжазба ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жеткен. Баға жетпес жәдігерді Анашка Хаджимурадова аукцион арқылы сату туралы шешім қабылдаған. Сарапшылар оның құнын бірнеше миллион долларға бағалаған.
Хаджимурадова жәдігерді екі рет сараптамадан өткізіп, қолжазбаның уақытын анықтады. Қолжазбада кітаптың кімнен кімге мұра етіп жеткені жазылған тізім де бар екен.
Аукционға Ұлыбритания астанасы Лондоннан келіп қатысушылар көне жәдігерге шамамен 12 миллион доллар ұсынған. Аукцион соңында баға 45 миллион долларға шарықтады.
Алайда, кейіннен А.Хаджимурадова құнды қолжазбаны сату туралы райынан қайтып, діни құндылықты дүниеге ауыстырмайтынын жеткізген. Осылайша, ол көне Құран қолжазбасын жергілікті мешіттің біріне сыйға тартты.
{youtube}ZFUHaI4Hz-U{/youtube}
ummet.kz-ақпарат