Иорданияда Араб мемлекеттері лигасының 28-ші саммиті ашылды.
Саммитте Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысы Антониу Гуттеррештің өз баяндамасында Құран Кәрімнен үзінді оқығаны көпшіліктің назарын аударды.
БҰҰ бас хатшысы босқындар мәселесіне тоқтала келе, қасиетті Құран кітабындағы «Тәубе» сүресінің 6-шы аятын оқыды. «Егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Алланың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орнына жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін ел екендігінен».
Бас хатшы осылайша Жаратушының көмекке зәру барша адамдарды діни сеніміне қарамастан мейірімділік танытанын саммитке қатысушыларының есіне салды.
Араб мемлекеттері лигасы 21 елді және Палестинанын азат ету ұйымын біріктіреді. Ұйымның штаб-пәтері Мысыр астанасы Каир қаласында орналасқан.
ummet.kz-ақпарат