Коннектикут штаты христиан қауымына тиесілі тарихи архитектуралық ескерткіш саналатын ескі шіркеу жуық уақытта мұсылман ұйымына сатылды.
Бриджпорт мұсылмандары діни ұйымы 1920 жылы іртетасы қаланған ғимаратты 1 миллион долларға сатып алды, деп хабарлайды Wall Street Journal.
Шіркеу қызметкері Сара Смиттің айтуынша, өз дәуірінде шіркеу 3 мыңға адамға дейін қызмет көрсеткен. Қазір мұнда бар-жоғы 300 адам келеді, осыған байланысты шіркеу бұдан әрі үлкен ғимаратты ұстап тұруға дәрменсіз болып отыр.
Бриджпорт ислам мәдени орталығы жетекшісі Ахмед Ибрагим шіркеу ғимараты аймақтағы 1 000 мұсылман отбасы үшін өте лайықты екенін жеткізді. «Бұл, шындығында, біздің өңірдегі мұсылман қауымы үшін тарихи сәт» деді ол.
ummet.kz-ақпарат