Біріккен араб әмірлігінде таяу болашақта мектеп оқушыларын тасымалдайтын «ақылды» автобустар іске қосылады.
Алдын ала жоспарға сәйкес, заманауи автобус салондары электронды бақылау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Онда 14 бақылау камерасы, сондай-ақ төтенше жағдайға арналған түймешелер орналастырылады.
Камералар салонда оқушылардың жайғасуын, мінуі мен түсуін бақылауға көмектеседі. Ата-аналар GPS-навигациясы арқылы балаларының жолдағы сапарын бақылай алады. Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен мектепке немесе үйге жақсы жеткені туралы смс-хат жіберіледі.
Сонымен қатар, бұл автобустар экологиялық сипатымен де ерекшеленеді. Мұнда электрқозғалқыш және қуаттағыш орнатылмақ. 2024 жылы осындай автобустар саны Дубай қаласының өзінде 650-ден асады деп жоспарланған.
ummet.kz-ақпарат