24 жасар Лейла әл-кубби Сауд Арабиясы корольдігі тарихында тұңғыш зағип адвокат болды.
Жас қыз жұмысқа тұру мәселесінде үнемі қиыншылықтарға душар болып келген. Ол – корольдікте адвокат атанған екінші мұсылман әйел.
«Мен қорғаушы лицензиясын алатыныма сенімім болмады. Енді менің күш-жігерім қайта оянды. Мақсатымды іске асырамын деп ойлаймын» дейді 24 жасар заңгер қыз.
Әл-Кубби Абдулазиз король атындағы университетінде білім алды. Ол Брайля жүйесінің көмегімен оқу бағдарламасын толық бітіріп шыққан.
ummet.kz-ақпарат