Әлем елдерінен миллионнан аса мұсылман Сауд Арабиясына қажылық жасауға келді. Бұл туралы саудиялық БАҚ мәлімдеді.
Еске салсақ, осы жылы Мекке мен Мәдина қалалары 1,5 миллион қажыға қызмет қылады. Корольдіктің Ұмра және қажылық министрлігінің мәліметінше, елге бірқатар мемлекеттердің ресми делегациялары да келген.
Биыл әлемнің әр түкпірінен 160 ұлттың өкілдері қажылық өтейді.
Сауд Арабиясы билігі қажылық маусымында адамдардың қауіпсіздігіне аса мән беріп отыр. Осы мақсатта қажыларға 17 мың тәртіп сақшылары қызмет етеді.
ummet.kz-ақпарат