29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Көшеде құрбан шалушыларға айыппұл 10 есеге өсті

Жаһан
Жарнама

Құрбан айт қарсаңында Египет билігі құрбан малдарын көшелер мен үй аулаларында союға қарсы шараларды күшейтті.

Әл-Бахр әл-Ахмар провинциясы губернаторы Ахмад Абдулла тіптен өз үйінің ауласында мал сойған адам 50 000 фунт – 5 628 доллар айыппұл төлейтінін мәлім етті. Айта кетсек, осыдан бір жыл бұрын айыппұл сомасы 500 долларды құраған еді.

Губернатор құрбандық малдарын тек арнайы орындарға шалуға рұқсат екенін атап айтты. Ол орындарда тұрақты ветеринарлық тексерістер жүргізіліп, ауру малдардың сойылып кетуінің алдын алады.

«Біздің қала көшелерінде, әсіресе, сүйікті астанамызда қан ағызып, сойып жату әбестік болады. Сол себепті де арнайы орындар белгіленген» деді ол. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: