25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылар денсаулығы жіті бақылауда

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері корольдікке келіп түскен қажылардың денсаулық жағдайын жіті бақылауға алды. Мұсылмандардың денсаулығына қарайтын 15 пункт ашылған, деп хабарлайды marwa.ru.

Қажылық терминалына жеткен уақытта әр мұсылман өзінің денсаулық жағдайын, қандай созылмалы ауруы бар екенін дәрігерлерге хабарлауы тиіс. Осыдан кейін төтенше жағдай кезінде Сауд Арабиясы билігі қажыларға жылдам көмек көрсету мақсатында барлық деректер арнайы тізімге енгізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі қажылардың келген еліне байланысты безгек, менингит, полиомиелит және тұмау секілді ауруларға қарсы екпе алуын міндеттеді.  

Африка мен Оңтүстік Америка елдерінің қажыларына безгек ауруына қарсы екпе алу ұсынылады.

Ал менингитке қарсы барлық қажылар екпе алуы міндетті. Себебі, адамдардың өте көп жиылуына байланысты  бұл дерттің ауа арқылы таралу қаупі көбейеді. Менингит екпесі 3 жылға жарамды, оны Қажылық маусымына 10 күнге дейін салдыру қажет. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: