26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алғаш рет қажылыққа келушілердің визасы тегін болмақ

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясы үкіметі корольдікке келуші шетел азаматтарының виза алу бағасын көтерді, алайда үлкен және кіші қажылыққа алғаш рет келушілер үшін виза шығынын эр-Рияд толығымен көтереді. Бұл жайында министрлер кабинеті отырысы қорытындысында мәлім болды, деп жазады РИА «Новости».

Шешімге сәйкес, Сауд Арабиясына бір реттік виза құны 2 000 риал тұрады, ал корольдікке бірнеше рет кіруге мүмкіндік беретін жартыжылдық виза – 3000, жылдық – 5000 риал.

Бұл көрсетілген бағадағы визаны корольдікте уақытша тұру құжаты бар шетелдіктерге арналады. Қасиетті шаһарға алғаш рет келетін мұсылмандар салықтан босатылған. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: