Греция билігі Афинада салынатын алғашқы мешіттің құрылысына қатысты нақты қадам жасады.
Греция жоғары әкімшілік соты мен Мемлекет кеңес осы айда мешіт құрылысына қарсылық білдірген кейбір азаматтардың арыз-шағымын кері қайтарды. Осылайша, ел билігі мешіт жобасын іске асыруға мүмкіндік беріп отыр.
Енді мешіт құрылысына қатысты құжатты Қоршаған орта және Ішкі істер министрлігі қарайды, деп хабарлайды Wall Street Journal.
Жоба бойынша мешіт кешені Афинадағы мемлекет иелігіндегі жерде тұрғызылмақ. Мұнарасыз салынатын мешіттің сыйымдылығы 350 адамға есептелген.
Айта кетейік, Афина – Еуроодақтағы 200 000 мұсылман тұрғыны бар, мешіттермен қамтамасыз етілмеген аз ғана астаналардың бірі.
ummet.kz-ақпарат