03
Жексенбі,
Қараша

һижри

Мұсылмандар үйсіздерді тамақтандырды

Жаһан
Жарнама

Жүздеген америкалық мұсылман бірқатар штаттарда өткен қайырымдылық шараларына қатысты, деп хабарлайды Huffington Post.

Ұлттық мұсылман күніне орай өткен шарада тегін асхана ашылып, оған штат мешіттерінің 23 белсенді тобы үлес қосты. Мұсылмандар осы күні Нью-Йорк, Флорида, Алабама, т.б. штат көлемінде 3 000 адамға тамақ таратқан.

Жоба жетекшісі Узем Попалдың айтуынша, осы тектес қайырымдылық шарасын мұсылмандармен қатар өзге де діни ұйымдар ұдайы ұйымдастырып келеді. «Көп адамдар бұл шараға алғаш рет қатысты. Біз олардың бұл игі істің қаншалықты сауапты екенін ұғынады деп үміттенеміз және осындай шараларға ай сайын қатыса алады» дейді У.Попал.

Айта кетсек, аталмыш шара қарсаңында Нью-Йоркте 200 адам аспазшы, жүргізуші, халыққа қызмет көрсетуші ретінде жұмыс істеуге ниеттестік білдірген. Олар штаттағы баспанасыз адамдарға арналған сегіз үйге және көше кезген адамдарға қызмет көрсетті. Шараға қатысқан мұсылман белсенділері ауқымды акцияның исламофобиялық құбылыстарға тосқауыл боларына сенімді екендіктерін жеткізді.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: