02
Сенбі,
Қараша

һижри

Зерттеу: бақытты адамдар дінді жиі еске алады

Жаһан
Жарнама

Америкалық ғалымдар қызықты зерттеу жүргізді. Олар әлеуметтік желі қолданушыларының жиі қолданылатын сөздері арқылы бақыт деңгейін анықтауға тырысты.

Айова штаты университеті ғалымдарының пайымдауынша, адамның әлеуметтік желіде қалдырған жазбасына қарап, оның өмірге қанағат ету деңгейін анықтауға болады.

Мамандар 2012-2014 жылдар аралығында 3 миллионнан аса жазбаға талдау жүргізген.

Нәтижесінде, адамдардың бақытты болу деңгейіне өзге елдерде орын алып жатқан қайғылы апатты жағдайлар, сайлау нәтижелері мен халықаралық спорттық додалар қорытындысы еш әсер етпейтіндігі анықталды.

Ғалымдар сондай-ақ, өмірге ризашылығы мол адамдардың діни сөздерді жиі қолданатынына көз жеткізді. Ал бақытсыз немесе өмірге разы емес адамдар көбіне дөрекі сөздерді қолданады. Дегенмен бұл топтағылардың «мүмкін», «шығар», «болар» деген сөздерді қолдануы олардың болашаққа деген үміті өшпейтінін көрсетеді.

ummet.kz-ақпарат

 

 

Бөлісу: