26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Таиландта халал қонақүй ашылды

Жаһан
Жарнама

Таиланд елі мұсылман туристерін көбейту мақсатында алғашқы халал мейманханасын іске қосты.

«Әл-Мируз» қонақ үйі Бангкоктың мұсылмандар шоғырланған Рамхамхаенге ауданында орналасқан. 242 қонақ бөлмесі бар.

Мұсылман әйелдеріне арнайы қабаттар берілген. Құлшылық бөлмелері, мейрамханалар, ерлер мен әйелдерге арналған жеке бассейндер де ғимарат кешенінде қамтылған.

Мейманхана иесінің айтуынша, алдағы уақытта мұсылмандар елдерінен бөлек, мұсылман халқы көбейіп келе жатқан Франция, Германия, Австрия, Швеция, Финляндия мен Норвегия секілді мемлекеттерді де ел туризміне тарту көзделген. 

 

Айта кету керек, тай елінің халал мейрамханасының шариғат талаптарына сәйкестігін Біріккен араб әмірлігінің  Gulf Halal Center ұйымы тексерістен өткізді. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: