26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұқтаждарға арналған мейрамхана ашылды

Жаһан
Жарнама

Канзас-ситиде (АҚШ) қоғамның әлеуметтік аз қамтылған ортасына арналған тегін асхананың орнына ерекше үлгідегі мейрамхана ашылды. Онда үйсіз-күйсіз жүргендерге, кедей-кепшіктерге кәдуілгі қонақтар секілді қызмет көрсетіліп, даяшы арнайы ас мәзірін ұсынады. Ас-тағамы толықтай тегін мейрамхана есігі таңертең сағат 11:00-ден түскі 14:00-ге дейін ашық болады.

Мұқтаж жандарға арналған асты Канзас-сити мейрамханасының қожайыны шеф-повар Майкл Карри әзірлейді. Майклдың өзі бір жылдары кедейлік зардабын тартып, тегін асханалардан жүрек жалғаған көрінеді. Шеф-повар кедейлерге арналған мейрамхана ас мәзірін тұтынушылардың қалауына әрі денсаулыққа берер пайдасына қарай маңызды деген қағидаларды есепке алып дайындауда.

Сонымен қатар, мейрамхана жанынан жұмыссыздарға арналған оқыту бағдарламасы да іске қосылған. Кулинария мен қаржы қағидаларын меңгергісі келген адам осында білім жетілдіре алады. Бағдарламаны аяқтауына орай оларға қала дәмханалары мен асханаларынан тәжірибеден өтуге де мүмкіндіктер қарастырылып отыр.

«Ас – адам құқығының негізгілерінің бірі. Алайда, біз үшін ашқұрсақ адамдарды тойындыру ғана емес, оларды қалыпты өмірге қайтару да өте маңызды. Адамға сыйластық құрметпен қарасаң, көңіліне демеу болсаң, ол өзін осы қоғамның бір бөлігі екенін сезінеді, өмірге талпынысы мен құлшынысы арта түседі» дейді тегін асханалар жүйесін ұйымдастыру қорының басшысы Бью Хайен. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: