Сауд Арабиясы соты 28 жастағы азаматты Twitter әлеуметтік желісі арқылы атеистік көзқарастағы жазбаларды таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Корольдік тұрғындарының әлеуметтік желілердегі белсенділігін мемлекеттің діни полициясы қадағалайды. Құзыретті ведомства ел азаматының ұзақ уақыт бойы өзінің атеистік пікірін таратып, Құдайдың бар екендігін жоққа шығарғанын, тіптен, мұсылмандардың қасиетті кітабын келеке еткен жазба жариялағанын байқаған.
Енді аталмыш азамат осы әрекеттері үшін 10 жылын түрмеде өткізуіне тура келеді. Бұған қоса, 2 000 дүре жазасы және 5 000 доллар айыппұл салынды.
Ал айыпталушы өзінің кінәсін мойнына алмай, қандай пікір таратсам да құқылымын дегенді алға тартады.
ummet.kz-ақпарат