Бельгия үкіметі республика мешіттеріне имамдар даярлауға 3 миллион еуро қаржы бөлді.
«Халықтың радикалды уағызбен уланбауы үшін, жастардың жат ағым өкілдерінен емес, мешіттердегі имамдардан білім алуы үшін осындай қаражат бөлінеді» деп мәлімдеді корольдіктің Әділет министрі Коэен Генс.
Министрдің айтуынша, барлық имамдар мен мешіттер Бельгия мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бақылауында болады.
Ал үкіметтен қарастырылған 3,3 млн еуро имамдық қызметке келген мамандарға беріледі.
ummet.kz-ақпарат