Пәкістандық инженер Самир Икбал алғашқы сатыдағы қатерлі ісікті анықтайтын құрылғы ойлап шығарды. Осы заманауи диагностика қауіпті сырқатты жеңуге жәрдемдеседі.
Самир Икбалдың жетекшілігімен зерттеушілер тобы адам ағзасындағы жасушаларды зерттеуге мүмкіндік беретін диагностикалық аппарат жасап шығарды. Ғалымдар нанотекстуралық қабырғалармен байланысқа түскен ісік жасушалары басқаша әрекетке көшіп, сау жасушалардан өзгеше қимыл, яғни «билей» бастайтынын байқаған.
Дәрігер осындай «билеуші» жасушаларды анықтап, қажетті емді қолдануы керек. Икбал бастаған ғалымдар тобының бұл жаңалығы қатерлі ісіктің алғашы сатысынан-ақ аурудың алдын алып, емдеуге жол ашады.
«Метастаз пайда болмай тұрып қатерлі ісікті анықтау аурудың тірі қалуы үшін маңызды болып табылады. Біздің құрылғы осыны атқарып шығуға қауқарлы» дейді Самир Икбал.
ummet.kz-ақпарат