26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Google мұсылманды қаралауға жол береді

Жаһан
Жарнама

Google интернет жүйесі әлем тұтынушыларына мұсылман халқы жайында жайсыз ақпараттар ұсынады.

Желідегі орынсыз мәліметті америкалық блогер Хинд Макки тексеріп көрді, деп жазады Quartz.

Хиллари Клинтонның мұсылмандарға қарым-қатынасы туралы мақала әзірлеу кезінде журналист Google желісіне «American Muslims report terrorism» — «америкалық мұсылмандар терроризм туралы хабарлайды» сөйлемін енгізген. Хинд Макки іздеу желісінің нәтижесіне қайран қалды – «мүмкін сіз «мұсылмандар терроризмді қолдайды» сөзін іздедіңіз» деген жауап шыққан (American Muslims support terrorism)».

Айта кетсек, Google мұндай келеңсіздіктерге орыс тіліндегі іздеу желісінде де жол береді. Мәселен, «мұсылмандар қолдайды» сөзін енгізсеңіз, жүйе автоматты түрде оның жалғасына «ДАИШ» (террористік ұйым) сөзін ұсынады. Егер, «барлық мұсылмандар» сөзін енгізсеңіз Google сізге автоматты түрде «террористер» сөзін қосып береді. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: