Ел астанасы Токионың технологиялық институтында өткен конференцияда жапон қоғамдық тамақтану нарығына халал стандартын енгізу мәселесі талқыланды.
Айта кетсек, Жапония бүгінде халал технологиясын дамыту жоспарында келешегі бар ел саналады. Себебі, елде тауар сапасы мен экологиялық тазалығы жоғары бағаланады.
Конференция жұмысында баяндама жасаған Босния-Герцеговинаның бұрынғы бас мүфтиі Мұстафа Керік «Халал» стандартына сай жұмыс істейтін компаниялардың Жапониядағы бизнесте табысты болу мүмкіндіктері жоғары екенін атап өтті.
ummet.kz-ақпарат