Сауд Арабиясы үкіметі қасиетті Қағба алаңына көлеңкелі шатыр құрылысын жүргізу мәселесін қарастыруда.
Ел билігі бұл бастаманы жыл сайын ыстық ауа райынан тауап уақытында қажылардың қаза болу уақиғалары жиілеп кетуі себепті көтеріп отыр.
Қазіргі кезде қасиетті қос мешіттің сақшысы, шейх Абдулла Рахман әл-Судаи мен Сауд Арабиясы Қаржы министрлігі өкілдері бірнеше жобалармен танысуда. Қағбаның көлеңкелі шатырынан бөлек, кездесу барысында Үлкен мешіт кітапханасын кеңейту құрылысы, электр қуатымен қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
ummet.kz-ақпарат