26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Испан мұсылмандары көбейіп келеді

Жаһан
Жарнама

Испания Ислам қауымы одағы республика бойынша 2015 жылғы мұсылмандарды демографиялық өсім көрсеткіші туралы есеп жариялады.

Мәліметке сәйкес, өткен жылы Испаниядағы мұсылмандар қатары 30 мыңға көбейген. Яғни, 1,6% өсіп, 1, 88 млн-ды құрап отыр.

Осылайша Испаниядағы жалпы мұсылман тұрғындары 8,4%-ға артқан болса, шетелдік мұсылманадар саны 2,7%-ға кеміген. Шығу тегіне келер болсақ, елдегі мұсылмандардың 41,2%-ы испандықтар және 58,7%-ы марокко, пәкістан, алжир, сенегал мен нигериялықтар.

Айта кету керек, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Гранада қаласында испандықтар мен басктардан құралған мұсылман қауымы қалыптаса бастаған еді. Соңғы бірнеше онжылдықта испандық мұсылман отбасылары көбейіп, үш буыннан бері өз имамдары мен Құран хафиздері пайда болды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: