26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ресей туризмі халал қонақүйлермен жаңаруда

Жаһан
Жарнама

Ресей туризмі саласы еуропалық туристердің азаюып, шығыс елдерінен келуші қонақтардың көбеюіне байланысты мұсылман мемлекеттері нормаларына сәйкес жаңа үрдісті қолға алды.

Ресей қонақүй ассоциациясы директоры Геннадий Ламшиннің айтуынша, бұған дейін елге батыс туристері көптеп келген болса, бүгінде шығыс және оңтүстік-шығыс мемлекеттерінен келушілер қатары артып келеді екен. Осыған орай Ресей мейманханаларын мұсылман мәдениетіне бейімдеу қажеттілігі туындаған.

Қазіргі кезде бірқатар қонақүйлерде халал ас мәзірін енгізу, қызметкерлерге шариғат нормаларын түсіндіру жұмыстары қолға алынған.

«Халяль-Френдли стандарт» сертификаты жүйесінің сарапшы-аудиторы Ильдар Мусин аталмыш бағдарламаға Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Уфа және Сочи қалалары қатысып отырғанын жеткізді. «Сұраныстар Ресейдің өзге де қалаларынан келіп түсуде. Бағдарламаны Ресейтуризмі ведомствасы мақұлдаған. Бұл бағдарлама Visit Russia жобасымен бірге шетелдік нарыққа да шыға бастады» дейді И.Мусин. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: