26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Германияда мұсылман мәдениеті ескерілді (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Германияда мұсылман мәдениеті ерекшеліктеріне сай қоғамдық дәретханалар пайда болды, деп хабарлайды Frankfurter Allgemeine.

Мұсылман халқының дәстүріне сәйкес орындардың ашылуына батыс елдеріне күн санап қоныстанушы босқындардың көбеюі әсер етіп отыр.

Жаңа жобадағы дәретханалар енді еуропалық мұсылмандарына жиі кездесетін кедергілердің орнын басады. Себебі, мұсылман мәдениетінде жуыну міндетті болғандықтан, аталмыш орындарда шағын жуыну кабиналары қоса салынды. Мұндай дәретханаларда кабиналарды кез келген бағытқа бұрып, яки мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Қағба тарапынан түспеуіне жағдай жасалған.

Қоғамдық дәретханадағы ескертпелер әртүрлі тілдерде жазылды. Сондай-ақ оның түсі де, мұсылман мәдениетіне сәйкес, жасыл түске боялмауы ескеріліпті.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: