03
Жексенбі,
Қараша

һижри

Қырғызстанда медреселер көбейіп келеді

Жаһан
Жарнама

Қырғыз медреселерінде қазіргі уақытта 5 500 студент тәлім алады. Мұсылман мектептерінің басым бөлігі Шу облысында орналасқан. Осы өңірдің өзінде 27 медресе бар.

Ал қалалы аймақтар ішінде ел астанасы Бішкек көш бастап тұр.

Қырғыз мұсылмандары діни басқармасы Білім бөлімінің меңгерушісі Құштарбек Маматов республика бойынша ресми тіркелген 90 медресенің 70-і жұмыс істейтінін жеткізді. Оның айтуынша, Ош облысында – 14, Баткенде – сегіз, Жалал-Абадта – жеті, Таласта – төрт, Нарын өңірінде – екі және Ыстық-көл облысында бір медресе бар. Бұдан бөлек, Ош қаласында – екі, Бішкекте бес мұсылман мектебі бар.

«Біздің мердеселерімізде ислам діні тек Ханафи мәзһабы бойынша оқытылады» дейді Қ.Маматов. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: