26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Фин мектептерінде дінтану мұғалімі жетіспейді

Жаһан
Жарнама

Финляндия мектептерінде ислам діні пәнінен сабақ беретін оқытушы жетіспейді. Бұл туралы Savonsanomat басылымы хабарлады.

Ел заңнамасы бойынша мектепте кемі 3 оқушының ата-анасы өтініш білдірсе білім басқармасы діни сабақты өткізетін мұғаліммен қамтамасыз етуі міндетті.

Айта кетейік, Фин мектептерінде соңғы жылдары мұсылман оқушылар саны едәуір көбейген. Ұлттық білім кеңесінің деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта 7-8 мың мұсылман оқушылары бар және бұл көрсеткіш өсу үстінде.

Ал 2007 жылы Финляндияда мектептерінде 14 ислам діні оқытушылары болған екен. Қазір республика көлемінде 50 оқытушы бар. Алайда бұл көрсеткіш те жеткіліксіз болып отыр. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: