26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мемлекеттік қызметтегі әйелдерге орамал тағу міндеттелді

Жаһан
Жарнама

Гамбия республикасында мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектерге жұмыс орнына орамалсыз келуге тыйым салынды, деп хабарлайды «Ресей BBC қызметі».

Жаңа құжатқа сәйкес, ел билігі әйел затынан қызмет кеңсесінде шашын жинақы ұстап, орамал тағуын талап етеді. 

Айта кетейік, ел президенті Яйя Джамма желтоқсан айында Гамбияны ислам республикасы деп жариялады. Гамбияның 90% тұрғыны – мұсылмандар.

Джамма өзінің шешімін діни бірізділік пен батысафрикалық ұлт құндылықтарына сәйкес шығарылғанын, себебі, халықтың басым бөлігін мұсылмандар құрайтынын атап өтті.

Президент сонымен қатар, өзге дін өкілдеріне ешқандай қысым жасауға жол берілмейтінін, әркімнің өз дінін ұстану құқығы қорғалатынын да жеткізді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: