26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қайырымдылық қабырғасы пайда болды

Жаһан
Жарнама

Иран елінде ерекше қайырымдылық акциясы басталды. Республиканың әрбір қаласында қолға алынған «Қайырымдылық қабырғасы» атты шара көптің назарын аударды.

Мұндай қабырғаларға кез келген ізгі ниетті адам өзінен ауысқан әрі жақсы сақталған киім-кешектерді қалдырып, ал киімге мұқтаж адам осы қабырғада ілулі тұрған киімнен өзіне қажеттісін алуына болады. Бұл Иран елі үшін қытымырлау түскен биылғы қыс маусымында әлеуметтік тұрмыс-ахуалы төмен адамдарға жасалған үлкен көмек болып отыр.

«Қайырымдылық қабырғасы» Мешхед қаласында пайда болды. Кедей-кепшіктерге арналған осы тектес тағы бір бастама жуық уақытта іске қосылады. Кезекті шара аясында қала көшелерінде арнайы тоңазытқыштар қойылмақ. Онда акцияға атсалысуды қалаған кез келген адам мұқтаж жандар үшін азық-түлік әкелуіне болады.   

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: