25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Медресе дипломы әл-Азһар аттестатымен теңестірілді

Медресе дипломы әл-Азһар аттестатымен теңестірілді

Жаһан
Жарнама

Башқұртстан астанасындағы Мариям Сұлтанова атындағы медресе дипломы әлемге әйгілі әл-Азһар  ислами терең білім беретін ағартушы институттың орта білім дипломымен теңестірілді.

Дәлірегі, аталмыш мәртебе башқұрттардың діни білім беру ордасының дипломын тарихи тамыры тереңде әрі аса ықпалды әл-Азһар жоғарғы оқу орны жанындағы орташа білім беретін ислами институт аттестатынан кем түспейтінін көрсетеді. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уфа медресесін бітіріп шыққан түлектер үш жылын сарп етпей бірден әл-Азһардың бакалавританда оқуға мүмкіндік бермек. Мұндай мәртебеге ие болған медресе Ресейде жалғыз. Башқұртстан мұсылман діни басқармасының баспасөз мәжілісінде айтылғандай, мұндай мәртебеге қол жеткізу үшін аталған медресенің бұрынғы директоры, 53 жасында онкологиялық аурудан 2021 жылдың қаңтар айында қайтыс болған марқұм Елдар Малахов көп тер төккен. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Уфа медресесі 1997 жылы Башқұртстан мұсылмандары діни басқармасының ықпалымен ашылған әрі ол татар ағартушысы Мариям Сұлтанованың құрметіне аталған.

дереккөз: islam.kz

Бөлісу: