25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Исламға құрметсіздігі үшін “TikTok” қосымшасы бұғатталды

Исламға құрметсіздігі үшін “TikTok” қосымшасы бұғатталды

Жаһан
Жарнама

Пәкістанның Синд провинциясы жоғарғы соты ұятсыз контенті, исламға құрметсіздік танытатыны және ЛГБТ-ны насихаттайтыны үшін TikTok қытайлық қосымшасын бұғаттап тастады.

The News басылымының мәліметінше, соңғы 2 жылда енгізіліп отырған үшінші тыйым салу шарасы 8 шілдеге дейін күшінде болады. Сол күні Синд сотының кезекті отырысы өтіп, онда Пәкістанның телекоммуникациялар басқармасы мен ТikTоk ұятсыз контентке орай қолданушылардан келіп түскен шағымдарға байланысты жауапкер ретінде қатысады.

Айта кетсек, бір топ пәкістандық заңгерлер елдің Жоғарғы сотына аталған қосымшаны пайдалану салдарынан қылмыстың және есірткі шегу көрсеткішінің көбеюіне байланысты TikTok-қа тыйым салу туралы өтінішпен шыққан болатын. Сондай-ақ, Лахор қаласының тұрғындары да TikTok білім мекемелерінің мәдениетіне нұқсан келтіретінін және кейбір қолданушылардың суицид жасауына себеп болғанын айтып арыз түсірген.

ummet.kz

Бөлісу: