14 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Дағыстандағы Дербент қаласында орналасқан Жұма мешіті VII ғасырға тән сәулет үлгісі. Ол Ресейдегі ең ежелгі мешіт болып саналады.
Қазіргі уақытта ғимараттың кейбір ерекшеліктері ескеріле отырып реставраторлар тарапынан құлшылық үйін қалпына келтіру жоспары жасалды. Бұл жайында Дербент музей-қорығының басшысы Виктор Чесноков ТАСС ақпарат агенттігіне айтты.
Мешітті қалпына келтіру жұмысы 2019 жылы басталған еді. Агенттіктің хабарлауынша, жобаның қаржыландыру көлемі 300 млн рубльден астам.
«Біз қалпына келтіру жұмысы 2022 жылы аяқталады деп есептеп отырмыз. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жобаны осы салада білікті татарстандық компанияға тапсырдық», - деді Чесноков.
Аударған: Индира Жұмабекқызы