9 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Судан елінің Дін істері министрі Насреддин Муфре әлемге танымал қаридің қайғылы қазасын естіртті.
Шейх Нурин Мұхаммад Сыдық үш шәкіртімен бірге көлік апатында көз жұмды. Шәкірттері, Али Якуб, Абдулла Эваз әл-Карим және Мухнад әл-Кинани, ұстазы іспетті бар ғұмырын Құран іліміне арнаған еді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша апат Омдурман қаласына жақын жерде болған.
Шейх Нурин Мұхаммад Сыдық Құранды әр түрлі мақаммен оқитын еді, сонымен бірге Судан астанасындағы Хартум мешітінде имамдық қызметін атқаратын. Ол бірнеше халықаралық деңгейдегі Құран оқу жарысына қатысып, көптеген жүлделердің иегері атанды. Соның ішінде Дубай және Малайзияда өткен сайыстарды да ерекше атап өтуге болады.
Аударған: Индира Жұмабекқызы