11 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Татарстан Президенті Рустам Минниханов тікелей эфир барысында Қазан қаласы Орталық мешітінің жобасына байқау жарияланатыны жайлы айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшсі.
«Құрылыс жүретін жерді нақтылап алған соң халықаралық байқау жариялаймыз. Бұл жобаның ерекше болуын, сонымен бірге ұлттық дәстүріміздің де ескерілгенін қалаймыз. Осы жағына мән берілуі керек», - деді Минниханов.
Президент Орталық мешіт салу үшін ұсынылған бірнеше алаңнан ең қолайлысын таңдау керектігін және жаңа құлшылық үйінің сыйымдылығы 10 000 адамға жоспарланып отырғанын атап өтті.
Аударған: Индира Жұмабекқызы