23 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Британдық беделді The Economist журналының мәлімдеуінше Өзбекстан «жыл мемлекеті» атанды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Басылым 2019 жылы Өзбекстан елінде көптеген оң өзгерістердің болғанын атап өтті. Осыдан үш жыл бұрын ғана бұл посткеңестік кеңістіктегі «жабық» қоғам еді. Материал авторларының мәлімдеуінше аталмыш мемлекет даму жолында әлі де ұзақ жұмыс істеуі керек. Дегенмен 2019 жылы «басқа ешбір ел осынша көп ілгері жылжыған емес».
Сондай-ақ «жыл мемлекеті» аталымына биыл Жаңа Зеландия, Солтүстік Македония және Судан елдері де қарастырылған екен.
Аударған Индира Жұмабекқызы