29 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 1991 жылы Иордания аумағында көлемі алақандай болатын қашалған тастың не екені енді ғана нақты анықталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Артефакт ғылым саласына белгілі ең ескі шахмат фигурасы болып шықты. Science News-тың мәлімдеуінше, жоғарғы екі жағы мүйіз сияқты шығыңқы келген төртбұрышты тас Иорданияның оңтүстігінде орналасқан Хумаймада табылған еді. Ол жерде ерте кезде ислам сауда орталығы болған.
Бастапқыда ғалымдар артефактың жасын шамамен 1300 жыл деп жариялағанымен, кейіннен ескі жәдігердің жасалған жылы нақтыланды. Зерттеушілердің пікірін бойынша ол 680-749 жылдары мұсылман отбасы сауда орталығын басқарып отырған кезеңде жасалған. Болжам бойынша бұл шахматтағы «ладья» фигурасы. Осыған ұқсас жәдігерлер сол маңайдағы басқа да ислами нысандардың қазбасынан табылған.
Шахмат ежелгі ислам әлемінде кеңінен тараған еді. Археологтардың айтуынша Батысқа ойынды саудагерлер мен елшілер жеткізген. Бұл сол кезеңде әлеуметтегі топтарды теңестіретін ойын еді. Ежелгі ислами жазбаларда мұсылмандар мен христиандардың, байлар мен кедейлердің арасындағы шахматтық партиялардың суреттеулері кездеседі.
По его словам, вероятно на Запад игру принесли торговцы и дипломаты. Шахматы были очень популярными в раннем исламском мире. Эта игра уравнивала многих. В исламских текстах того времени имеются описания шахматных партий между мусульманами и христианами, а также между богатыми и бедными игроками.
Аударған: Индира Жұмабекқызы