25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Нұх кемесінің мұражайы ашылады

Нұх кемесінің мұражайы ашылады

Жаһан
Жарнама

29 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Топан су мен Нұх кемесіне арналған мұражайдың жобасы қала әкіміне ұсынылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Түркиядағы Агра қаласының әкімі Сүлеймен Эльбанның айтуынша  Нұх пайғамбардың кемесі Арарат тауына келіп тоқтағаны көпшілікке мәлім. Ал Арарат тауы осы Агра провинциясының аумағында. Тау атауы түрікше Аг(ғ)ры-дағы яғни Аг(ғ)ры тауы деген мағынаны береді.

Дегенмен, қалаға туристер келгенде оларға осы бір айтулы оқиғаға қатысты көрсетер ештеңенің жоқтығы қынжылтады дейді қала әкімі. «Сол себепті Топан су мен Нұх кемесіне арнап мұражай ашуды ұйғардық» деп ойын тұжырымдады Сүлеймен Эльбан.

Сондай-ақ, ол журналистермен кездесу барысында мұражайдың жобасын таныстырып өтті. Осылайша қаланың туризм саласындағы әлеуетін көтеру керектігін мәлімдеді.

Аударған: Индира Жұмабекқызы

Бөлісу: