25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінің рәмізі – балалар мен роботтар

Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінің рәмізі – балалар мен роботтар

Жаһан
Жарнама

30 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Келер жылы Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінің рәміздерін таңдау үшін арнайы шараға БАӘ вице-президенті және премьер-министрі әрі Дубай әкімі шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мактум қатысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Әлемдік деңгейде өтетін көрменің тұмары ретінде 8 жасар Латифа мен оның ағасы, 9 жасар Рашид таңдалды. Сонымен бірге Alif, Opti және Terra атты 3 робот та көрменің символы  болмақ. Үш роботтың әрқайсысы көрменің негізгі 3 бағытының көрінісі, олар – мүмкіндіктер, мобильділік және тұрақты даму.

Кейіпкерлердің авторлары роботтардың есімдерін араб әліппесінің алғашқы әрібімен (алиф), ағылшынша «opportunity» (мүмкіндік) және латынша «terra» (Жер) сөздерінен алынғанын айтты. EXPO көрмесінің шығармашылық директоры Амна Абдулхул роботтардың дизайны ешбір ұлтқа телінбей жасалынғанын жеткізді. Олардың айтуынша символдарды дайындап шығуға бас-аяғы 8 ай уақыт кеткен.

Бөлісу: