25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылман туристердің саны арта бастады

Мұсылман туристердің саны арта бастады

Жаһан
Жарнама

19 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz  – Мұсылман туристер арасында күннен күнге Оңтүстік Кореяға қызығушылық артуда, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Алғашқы жартыжылдықта елге 511 мың мұсылман саяхаттап келген екен. Бұл жайында хабар таратқан Yonhap ақпараттық агенттігі Кореяның туризм Ұйымына сілтеме жасады. Өткен жылдың жартыжылдығымен салыстырар болсақ бұл 9,8 пайызға жоғары.

Социологтар ислам дінін ұстанатын туристердің көбеюі Корей елінің мәдениетіне және медицинасына қызығушылықтың артуынан деп пайымдайды. Егер жылдың соңына дейін осы қарқынмен өсе берер болса, онда мұсылман туристер саны алғаш рет 1 млн-нан асады. Салыстыру үшін айта кетейік, 2017 жылы бұл көрсеткіш 870 мың, ал 2018 жылы 970 мыңды құрады.

Соңғы кезде Оңтүстік Кореяда туристік сала келушілердің ұлттық және діни сенімдеріне қарай арнайы жағдайлар ұсынуда. Мысалы, отельдер мен мейрамханаларда ішімдіктің болмауы және халал стандартына сай ас мәзірі қарастырылған.

Бөлісу: