31 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ресейдегі ірі сауда жүйелерінің бірі «Глория джинс» өзінің жарнамалық кампаниясына орамал таққан модельді таңдады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Орамалды қыз түскен жарнамалық ролик YouTube арнасында екі апта бұрын пайда болды, ал сәрсенбі күні компанияның Instagram парақшасында орамалды модельдің суретімен пост жарияланды. Пост мәтінінде: ««Gloria Jeans»-пен сен үнемі шынайы өзің бола аласың! Біз саған жасыңа, жынысыңа, түсіңе, дініңе қарамастан, әрдайым қуаныштымыз! Барлығыңызға бейбітшілік тілейміз!», делінген. Жарнамалық ролик пен суреттің астына пікірлерін қалдырған оқырмандар арудың орамалына оң көзқарасын білдіріп жатты.
Ал, «Глория Джинс» компаниясының құрушысы Владимир Мельников: «Жаңа маусымның жарнамалық науқанын талқылау барысында біз Ресей халқының әр түрлі сенімді ұстанатын көп ұлтты екенін ескердік. Сол себепті, жарнамалық кампаниямызға орамалды модельді таңдау арқылы біз ислам дінін ұстанатын ұлттарға деген құрметімізді білдірдік, сондай-ақ біздің өнімдеріміз барша халыққа арналған екенін түсіндіргіміз келді», - деді.
Дереккөз: islam.ru