25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Үлкен қажылық рәсімдері ресми түрде басталды

Үлкен қажылық рәсімдері ресми түрде басталды

Жаһан
Жарнама

9 тамыз. Мекке. Ummet.kz - Қазақстан қажылары Мина жазығына келді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бесінші парызын өтеуге Мекке қаласына келген отандастарымыз 7-тамыз түнінен бастап Мина жазығына келе бастады.

Арафа күнінен бір күн бұрын Мина жазығында түнеу Әбу Ханифа мазһабы бойынша қажылық уәжіптерінің бірі.

Ниет етіп ихрам киген жерлестеріміз Мина шатырларына жиналып үлкен қажылық рәміздерінің алғашқы күнін өткізуде.

Дәл қазір көршілес шатырларға жайғасқан «Нұр-Қазақстан», «Әл-Мәруа», «Иман-травл», «Қызмет-саяхат», «Мина травл» қажылық компанияларымен қасиетті парыздарын өтеуге келген қажылар легі тиісті құлшылықтармен шұғылдануда.

Бұл туралы «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Амангелді қажы Еренғайыпұлы былай дейді:

«Бүгін үлкен қажылық рәсімдері ресми түрде басталды. Қазіргі таңда қажыларымыз ертеңгі Арафа күніне дайындалуда. Отандастарымыздың денсаулығы да, Аллаға шүкір, өте жақсы. Қажылық Миссиясының білікті мамандары уағыз-насихат айтып, қажыларды тиісті ақпараттармен қамтамасыз етуде. Компания дәрігерлері мен Миссия құрамындағы білікті мамандар қажылардың денсаулығын жіті назарда ұстап отыр.

Қажылық Миссиясы өз деңгейінде сапалы қызмет көрсетіп, қажылық барысының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына өз үлесін қосуда», - деді.

Осылайша, биылғы үлкен қажылық ресми түрде басталды. Ат арытып қасиетті мекенге келген жерлестерімізге қажылықтары қабыл болсын дейміз.

Бөлісу: