Талдықорған өңіріне қарасты Сарқан ауданында қасиетті жұма күні 2 мешіт халық игілігіне берілді. Атап айтсақ, Сарқан аудандық орталық мешіті мен Бірлік ауылындағы көк күмбезі көкке таласқан мешіттер.
Мешіттің ашылу салтанатына, арнайы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет пен наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.
Ержан қажы Малғажыұлы хазрет жиналған жұртты мешіттің ашылуымен құттықтап, ыстық ықыласын білдіріп, ақ батасын берді.
Бірлік ауылында ҚМДБ-ның төрағасы жұма уағызын жүргізсе, орынбасары наиб мүфти жұма намазының хұтбасын оқып, жұма намазын жүргізді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі