2016 жылы 5 маусымында Ақтөбе қаласында лаңкестер «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкендері мен №6655 әскери бөліміне қарақшылық шабуыл жасап, соның салдарынан 7 адам қаза тапқан еді.
Қандықол қылмыскерлер қолынан қаза тапқан азаматтардың үшеуі – әскери қызметкер. Терроризмге қарсы бағытталған операция барысында 18 адамның көзі жойылып, 9 адам құрықталды.
Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырған қанды оқиғаға 1 жыл толуына байланысты ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісінде еске алу бейнежазбасын жариялады.
{youtube}LD9uLcOuWD4{/youtube}
Kazislam.kz