Мүгедек жанға қамқорлық көрсетіп, қызметтік көлігімен айтқан мекен-жайына жеткізіп тастаған атыраулық полицейдің әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті. Қасиетті айда игі іспен айналысқан азаматқа жұрт алғысын айтуда, деп хабарлайды Qasym.kz.
«Бүгін ЖПП қызметкерінің игі ісінің куәсі болдым. Балықшы ауданында полиция қызметкері мүгедектер арбасында отырған азаматты өз көлігіне мінгізді, артынша оның арбасын көлігінің жүксалғышына салып алып, кетіп қалды. Олардың қайда баратынын білмек болып, соңдарынан ерген едім. Полицейлер оны Балықшыдағы базарға дейін жеткізіп тастады. Рамазан айында мұндай сауапты істердің куәсі болудың өзі бір ғанибет. Жарайсың. Осындай азаматтар көп болсын. Полиция қызметкері өз алғысымды айтамын» деді оқиға куәгері «Инстаграм» желісіндегі Zello_atyrau парақшасында.
ummet.kz-ақпарат