06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

«Зекет» қоры қарттарға ауызашар жасады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Кімде-кім, ораза ұстаған бір мұсылманның аузын аштырса (ауызашар берсе), ораза ұстаушының сауабындай сауабқа ие болады. Әрі оразашының ешбір сауабы кемімейді» (Тирмизи).

Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сай «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласы өкілдігі қасиетті Рамазан айының алғашқы ауызашарын елордадағы қарттар үйіндегі ата-әжелерге берді.

Ауызашарға 100-ден аса адам қатысты. Оның ішінде ауыр сырқаттарының себебінен дастарқан басына келе алмаған 30 адамға ауызашарға асы бөлмелеріне апарып берілді. Ауызашар кешіне «Нұр-Астана» орталық мешітінің наиб имамы Руслан Байзақов қатысып, жиналған қауымға Рамазан оразасының қадір-қасиеті мен маңыздылығы жайлы уағыз айтты.

Құран Кәрім аяттары түсе бастаған қасиетті айда жақсылық жасап, игі істерге атсалысқан әрбір ізгі ниетті жанға «Зекет» қоры өкілдігі шексіз алғыс білдіреді.

 

DSC 0919

DSC 0920

DSC 0921

DSC 0944

Бөлісу: