06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти өнер және спорт майталмандарымен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқындалған мақсат-міндеттер дін саласынада  да серпін берді. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы елге танымал тұлғалармен кездесуінде атап өтті.

Өнер адамдары мен еліміздің көк байрағын әлемге танытып жүрген спорт саласының майталмандарымен кездесуінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ең алдымен: «Сіздермен көптен бері кездесуді жоспарлап жүруші едім. Алла Тағала бүгін сәтін салып жүздестіріп отырғанына мыңда бір шүкір деймін. Жалпы мұндай кездесуді дәстүрге айналдырсақ деген ойдамын» – деп ізгі тілегін жеткізді.

«Қоғамға қозғау салған Елбасы ұлтты ұйыстыруға, кешегімізді саралап, келешегімізді кемелдендіруге үндеп, «ұлттық кодты» сақтап қалудың сан алуан бағытын байыптайтын тамаша туындысын тарту етті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада айқындалған мақсат-міндеттер дін саласынада  да серпін берді», – деп атап өтті Бас мүфти.

 Емен-жарқын әңгіме түрінде өткен кездесуде Ержан қажы Малғажыұлы жат ағыммен күрес бағытында атқарылған жұмыстарғада тоқталып өтті. Танымал тұлғалар мен дін қызметкерлері серпінді жобалар бойынша ынтымақтаса жұмыс жасауға уағдаласты.

«Діни басқарма 2016 жылы 1398 жат ағымдағы тұлғалармен жеке түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесінде нақты 533 тұлға дәстүрлі дінге бет бұрды. Өткен жылы террористік және діни экстремистік әрекетке қатысты сотталушы 1410 тұлғаға қатысты жеке түсіндірме жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде 186 сотталушы дәстүрлі дінге бет бұрды. Сонымен қатар 96 сотталушы өздерінің радикалды көзқарастарынан бас тартты. Әрине бұл мақтанышпен айтатын жаңалық емес. Имамдар қаракөз қандастарымыздың жат ағымға кетпеуіне талмай жұмыс жасап келеміз. Қазір имам-молдаларымыз салт-дәстүріміздің құндылықтарын жамағат пен жастар арасында көбірек насихаттап жатыр. Осы бағытта «Дін мен дәстүр» кітабының екінші бөлімін шығардық. Алдағы уақытта «Дін мен дәстүр» және «Дін және тарих тағылымы» бағытындағы жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырамын. Барлығымыз бірігіп елдің тыныштығы үшін қызмет етейік дегім келеді», – деді  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Bass2

Bass3

Bass4

Bass5

Bass6

Bass7

Bass8

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: