06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Қазақстан мен БАӘ діни экстремизмге қарсы күш біріктіреді

Ел іші
Жарнама

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 15 қаңтарында Біріккен араб әмірлігіне жасаған ресми сапарында бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды E-islam.kz.

Осы сапар аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен «Хедая» экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық орталық төрағасы, доктор Әли Рашид әл-Нуайми және орталықтың атқарушы директоры Мақсұт Круздың кездесуі өтті.

Кездесу барысында халықаралық терроризмге қарсы күрес және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікіралмасу болды. Тараптар діни экстремизмге қарсы күрес бағытында қостараптық ынтымақтастықты арттыру туралы ортақ келісімге келді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: