06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Дін қайраткері Сәдуақас Ғылманидың қызы дүниеден өтті

Ел іші
Жарнама

Қазақ руханиятында айрықша орны бар, белгілі қоғам және дін қайраткері, хадисші, ақын Сәдуақас қажы Ғылманидің қызы Әмина Сәдуақасқызы 78 жасқа қараған шағында бақилық болды.

Садуақас Ғылмани есімі қазақ жұртшылығы үшін өте ерекше. С.Ғылмани 1952-1972 жылдары Қазақстан қазиятының қазиы, сондай-ақ Орта Азия және Қазақстан діни басқармасының мүшесі қызметін атқарған қайраткер. Көрнекті ғалым 70-жылдары «Құран туралы жала мен өтіріктерге қарсы» атты еңбегін, 110 мыңға жуық сөзді қамтыған «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік», «Ел аузынан жиған-тергендер (би-шешендер мұрасы)» жинағын шығарды. Құран Кәрім аяттары мен хадистердің қазақша тәпсірлерін, сондай-ақ мәуліт өлеңдерін, діни сауалдарға жауаптар мен діни уағыздарды да әзірлеген.

Ғұламаның құнды еңбектерін қызы Әмина Сәдуақасқызы көздің қарашығындай сақтап жеткізді. Әмина апамыз Ғылмани шығармашылығы мен ғылыми еңбектерін айғақтайтын тұңғыш музейдің ашылуына да тікелей ұйытқы болды. Елорда руханиятының қайнар бұлағына айналған Ғылмани музейі байырғы мешіт орнынан ашылған. Әке еңбегінің ескерусіз қалмай, құнды жәдігерлер мен маңызды мұраларды жұртшылықтың терең тануына, тарихты терең ұғынуына, діни құндылықтармен халықтың қайта қауышуына үлес қосты, жан аянбай еңбек етті. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті мен имамдары атынан Әмина Сәдуақасқызының қазасына байланысты туған-туыстарына көңіл айтып, Алла Тағаланың рақым-мейірімін тілейміз. Марқұмның жаны жәннаттан болғай!

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: