06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Cәлафизмге заңмен тыйым салынуы мүмкін

Ел іші
Жарнама

Бүгінде елімізде дін саласы бойынша жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары оң нәтиже бере бастады. Астанада өткен Қазақстан дінтанушыларының VI форумында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды E-Islam.kz.

Министр сәлафизм ағымына қатысты ведомствоның ресми ұстанымы жария етілгеннен кейін имамдардың халықты ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстары жеңілдегенін атап кетті.

«Біз деструктивті дін ағымдарды қаржыландыру көздерін бұғаттау, сайттарын жабу, радикалды әдебиеттердің таралуының алдын алу, заңсыз діни жиындар өткізуге тыйым салу бойынша нақты шаралар қабылдаймыз. Кейбір діни деструктивті ағымдарға, оның ішінде сәлафизмге сот жүзінде тыйымның болмауы мемлекеттің бұл мәселеде бейтарап қалуы немесе ешқандай шара жасамауын білдірмейді.  Егер, біз қабылдаған шаралар тиісті нәтижелер бермесе министрлік сәлафизмге заңмен тыйым салу мәселесін көтереді» деді министр Нұрлан Ермекбаев.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: