07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Дін насихатындағы медиажоспар талқыланды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астанадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас кеңсесінде бұқаралық-ақпарат құралдарындағы дін мәселелеріне, діни басқарманың ақпараттық арнадағы жұмыс жоспарына арналған жиын өтті.

Жиынға ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, бас мүфти кеңесшісі Қуат Раев, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров қатысып, діни басқарманың Астанадағы БАҚ саласындағы қызметі мен жұмыс жоспарлары талқыланды.

Наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы халықпен тығыз байланыс орнатудағы ақпараттық насихаттың маңыздылығына тоқталып, бірқатар мәселелерді көтерді. «Халқымыздың салт-санасына сіңген ата дініміздің оқырмандарға, жалпы елге дұрыс жеткізілуі аса маңызды міндет. Осы мақсатта діни басқармаға қарасты интернет-портал өкілдері мен журналистерінің басын қосып отырмыз. Дін насихатындағы басты бағытымыз – тарихымызда қашалған, Конституциямызда көрсетілген Ханафи мәзһабы негізінде ағартушылық қызмет жүргізу. Жат ағым мәселесінде қылаң беретін жайт орыс тілді ортаға да қатысты екені жасырын емес. Бұған дейін де айтып өткенімдей, ұлттық негізі қалыптасқан жастар дұрыс жолдан таймайды. Қажеттіліктен туатын талап болғандықтан, орыс тіліндегі ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыру қажет» деді наиб мүфти.

 

Сонымен қатар жиын барысында бас мүфти кеңесшісі Қуат Раев ҚМДБ жанынан құрылған «Хикмет» телерадиокешенінің әлеуетін арттыруға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев діни сайттарда мәліметтерді жариялау мәселелерін қозғады. Бұдан бөлек, алда келе жатқан мұсылман халқының қасиетті Рамазан айына байланысты медиажоспар талқыланды.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: